Ресурстар

Нұр-Сұлтан Денсаулық сақтау басқармасы: Балалар коронавируспен жиі ауыра бастады

Жыл басынан бері қалада КВИ-мен 10 мыңнан астам бала ауырып шықты

COVID-19-бен сырқаттану балалар арасында да кездеседі. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

 «Қазіргі уақытта оң нәтижесі бар 74 бала стационарлық ем қабылдап жатыр, соның ішінде 7 бала ауыр жағдайда палаталарда жатыр. Өткен тәулікте 12 бала ауруханаға түсті. Амбулаторлы түрде ем алып жатқандардың саны – 834 бала. Реанимация бөлімшесінде балалар жоқ. Жыл басынан бері КВИ-мен 10 мыңнан астам бала ауырып шықты, оның ішінде стационарлық және амбулаторлы пациенттер», – деді басқарма басшысы.

Тимур Мұратовтың айтуынша балалар арасында КВИ ауруының өсуі жаз айларында тіркелді. Осылайша, оларда улану, қалтырауға ұқсас белгілер кездесіп, жоғары температура байқалған, сонымен қатар катаральды белгілері де бар.

Мамандар КВИ-ға қарсы екпе алмаған туысқандары мен жақындары балалардың денсаулығына қауіп төндіретіндігін ерекше атап өтті.

 «Балаларда жүйке жүйесі зақымдалуы мүмкін, өз кезегінде бұл ағзаға кері әсерін тигізеді. Арасында есеңгіреу хәлі де байқалады», – деді Т. Мұратов.

Балалардың ауырғанында өзіндік ерекшеліктер бар. Ведомство басшысы айтап өткендей, балаларда КВИ анықталғаннан кейін жағдай не күрт нашарлауы немесе ауру бәсеңдеуі мүмкін. Инкубациялық кезең ересектердегідей сияқты – 4-14 күнді құрайды.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы COVID-19-дан өзін-өзі және айналасындағы жандарды қауіпсіздендіру үшін жұртты екпе алуға шақырды.