АҚШ иммунитеті төмен адамдар үшін вакцинаның үшінші дозасын қолдануды мақұлдады

Жарияланды
Үшінші доза ретінде Pfizer және Moderna компанияларының препараттары қолданылады

АҚШ толық иммундау курсынан кейінгі ревакцинацияны қолданады. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.

Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасы жөніндегі басқарма иммунитеті төмен адамдар үшін вакцинаның үшінші дозасын қолдануды мақұлдады. Үшінші доза ретінде Pfizer және Moderna компанияларының препараттары қолданылады.

 «Басқарма Pfizer және Moderna коронавирусқа қарсы вакциналарын төтенше жағдайларда қолдануға рұқсат берді, бұл кейбір иммунитеті төмен адамдарға қосымша дозаны қолдануға мүмкіндік ұсынады», – делінген агенттіктің сайтында.

Африка континенті COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша көшбасшылар қатарында. Елде коронавирустық инфекцияның 7 136 140 расталған жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Африканың ауруларды бақылау және алдын алу орталығы. Құрлықтағы пандемия құрбандарының жалпы саны 179 986 адамды құрады.

COVID-19 жағдайларының ең көп саны тіркелген елдер – Оңтүстік Африка Республикасы, Марокко, Тунис, Египет және Эфиопия.
 

Сондай-ақ оқыңыз