Стартапқа өтініш жіберу үшін не істеу керек?
«Astana Hub» Seed money стартаптарды қаржыландыру бағдарламасын қолға алғаны белгілі. Бұл жоба елімізде алғаш рет жүзеге асырылуда. «Astana Hub» өкілдерінің айтуынша, MVP сатысындағы өніміңіз болса, 18 қыркүйекке дейін, product/market fit – 4 қыркүйекке дейін, ал scale 21 тамызға дейін жабылады.
«Astana Hub» IT-стартаптар халықаралық технопаркінің PR, маркетинг және ивенттер кеңсесінің директоры Марат Шәкен журналистердің сұрақтарына берген жауабында қандай жобаларға басымдық берілетінін атап өтті.
«Әр идея жүзеге асып, дамуы тиіс деп санаймыз. Қандай да бір өнімді жасау кезінде біз қатысушыларымызға, стартаптарымызға және IT-технологияларға қызығушылық танытқандарға қандай да бір идеяны ойлап табу немесе оны дамыту арқылы, әрине, өңірлік нарыққа назар аудару маңызды екенін айтамыз, бірақ шетелде не болып жатқанын да ұмытпауымыз керек. Сондықтан біз үшін ең жақсы мысал, жетістік, кейс, өзіңіз атап өткендей, «бұлтты стоматология» сияқты жобалар, қызметтер шетелде танылуы, сол жақтан алғашқы клиенттерін немесе инвестициялар табуы. Сондықтан біз кез келген стартапты қолдаймыз» деді Шәкен.
Сонымен қатар, Seed money бағдарламасы шеңберінде әрбір жоба табыстылық үлгісін дәлелдейді.
«Glovo компаниясы сияқты кейбір желілік агрегаттарды мысал ретінде келтіре аламын. Белгілі бір табыс әкелетін Choco. Олардың мультипликативті әсері – кем дегенде 80 мың теңге алатын 5 мыңнан астам курьер жұмыс істейді. Әр түрлі бағалауға болады, сондықтан біз бұл бүкіл әлемдегі үлкен үрдіс деп санаймыз, соған сәйкес біз экожүйе мен стартаптарды дамытуға, қатысушыларымыздан алатын қаржыландыруды салуға тырысамыз» деді «Astana Hub» IT-стартаптардың халықаралық технопаркінің қатысушыларды қолдау кеңсесінің директоры Анна Баталова.
«Astana Hub» ұсынған Seed money бағдарламасының қаржысын стартап жасау үшін өнімді дамытуға, маркетингтік шығыстарға, еңбекақыға, құрал-жабдық, арнайы лицензиялар сатып алуға жұмсауға болады. Белгілі бір рәсімдер, бақылау бар. Мақсатты емес шығындар қадағаланады. Анна Баталованың айтуынша, тіркеу рәсімі күрделі емес.
«Жеке тұлға да, заңды тұлға да, Қазақстан Республикасының резиденті немесе резиденті еместер де үміткер бола алады, біз талап еткен барлық ақпаратты міндетті түрде орналастыруға тиіс. Өтінімдерді диагностикалауды тәуелсіз комитет жүргізеді, ол үш адамнан тұрады және олардың әрқайсысы өз бағыттары бойынша жұмыс істейді, яғни технологиялық бағалау, стартапты қаржылық-экономикалық және құқықтық бағалау. Комиссия өз қорытындысын тәуекел-менеджерге береді, ол да белгілер қойып, өз ескертулерін, ұсыныстарын жасайды. Содан кейін тәуелсіз комиссия комитеттің қорытындысын қарайды және оны орынды деп тапса, стартаптарды онлайн презентацияға шақырады» деді спикер.
Жобалар төрт бағыт бойынша таңдалады:
• Команданы бағалау;
• Нарық көлемі;
• Технологиялылығы;
• Прогресс.
Рейтинг көшбасшыларымен Seed money бағдарламасына қатысуға шарт жасалады. Бұл бағдарлама алдыңғы аударымдар есебінен алғаш рет іске қосылды. Қаржыландыру бағдарламасына қатысқан кезде стартаптар қарсы міндеттемелер ретінде үш жыл ішінде табыстың 1%-ын аударуы тиіс. Қаржылық айналым осындай.
Еске салсақ, 2018 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Astana Hub» ашылды. Оның басты міндеті – стартаптарды, экожүйелерді дамыту, стартаптардың кез келген нысандарын түрлі сатыларда қолдау. «Astana Hub» IT-стартаптар халықаралық технопаркінің PR, маркетинг және ивенттер кеңсесінің директоры Марат Шәкен Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сөйлеген сөзінде нақты көрсеткіштерге тоқталды.
«Astana Hub» бастапқы сатыдағы стартаптарға арналған инкубациялық бағдарлама немесе product/market fit және scale сатысындағы акселерациялық бағдарлама сияқты оқыту бағдарламалары түрінде материалдық емес қолдау көрсетеді, сондай-ақ өз қатысушыларына салықтық және визалық преференциялар ұсынады. «Astana Hub» орбитасында 638 стартап барлық бағдарламалардан өтті, 507 компания, қатысушылар болып табылады, оларға салық жеңілдіктері жасалып отыр, сондай-ақ, «Astana Hub»-қа аударатын табыстарының 1% түрінде қарсы міндеттемелерге ие. Алғашқы аударымдар өткен жылдың жазында түсе бастады, қазір біз қаржыландыру ретінде экожүйені дамытуға қайта инвестициялауға дайын белгілі бір сома жинақталды» деді хаб өкілі.
Қаржыландырудың, инвестициялардың болмауы – барлық стартаптардың басты проблемаларының бірі. Осыны ескере отырып, «Astana Hub» дамудың әртүрлі кезеңдерінде IT-стартаптарды қаржыландырудың жаңа бағдарламасы – Seed Money әзірледі. Қолдаудың бұл түрі MVP, product/market fit және scale сатыларында IT-стартаптар үшін қолжетімді, яғни шартты түрде – жаңадан бастаушылардан бастап дамығандарға дейін.
«Бірінші MVP кезеңі – бұл стартаптың алғашқы қолданушылары, мақұлданған идеясы минималды өнімі бар кезең. Бұл кезеңде 5 млн теңгеге дейін қаржыландырамыз. Product/market fit-тің екінші кезеңі – егер стартаптың мақұлданған бизнес-моделі, клиенттері, тіпті инвестициялары болғанда. Бұл кезеңде 10 млн теңгеге дейін беріледі. Үшінші кезең – scale, 6 ай ішінде трекшн көрсеткен, экономикаға оң әсерін тигізген және тиісінше дамуға дайын стартаптар үшін 20 млн теңгеге дейін» деп түсіндірді «Astana Hub»IT-стартаптар халықаралық технопаркінің өкілі.
Айта кетейік, толық ақпаратты «Astana Hub» ресми сайтынан алуға болады.