Vero Cell вакцинасы жайында не білеміз

Жарияланды
Вакцинаны енгізуге қарсы көрсетілімдер қандай

Vero Cell вакцинасы бойынша

Белсенділігі жойылған (Sinopharm) COVID-19-ға қарсы (Vero Cell) вакцина  – SARS-CoV-2, 19nCoV-CDC-Tan-HB02, штамынан жасалған, ол кейіннен сұйық вакцина қалыптастыра отырып, алюминий гидроксидінен адъювантпен адсорбциялау арқылы өсірінді алу және жинақтау, β-пропиолактонмен белсенділігін жою, концентрациялау және тазарту үшін Vero жасушаларына егіледі. Вакцинада антибиотиктер мен консерванттар жоқ.
 
Вакцина 18 жастан асқан ересектерге арналған.

Вакцинациялау кестесі: енгізу арасындағы 21-28 күн аралықпен екі доза, әр доза 0,5 мл. құрайды.

Ұсынылатын енгізу жолы – бұлшықетке, көбінесе иықтың дельта тәрізді бұлшықетіне. Тамыр ішіне енгізуге қатаң тыйым салынады.

Вакцинаны енгізуге қарсы көрсетілімдер:

вакцинаның кез-келген компонентіне (оның ішінде қосымша заттарға) аллергия;

вакцинаға аллергиялық реакциялар (жедел аллергиялық реакция, ангионевроздық ісіну, ентігу);

бақыланбайтын эпилепсия немесе жүйке жүйесінің басқа да үдемелі аурулары, сондай-ақ анамнезінде Гийен-Барре синдромының болуы;

жүктілік және лактация кезеңі;

18 жасқа дейін жас ерекшелік.
 

Сондай-ақ оқыңыз