Австралияда бірнеше күн қатарынан коронавирустық инфекция жұқтыру санының рекордтық өсуі тіркелді. Ел билігі санитарлық шектеулерді күшейтті. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.
Сиднейде локдаунды сақтамағаны үшін айыппұл көлемі көбейтілді. Үйден 5 км-ден астам қашықтыққа себепсіз кетіп қалған тұрғындар 5 мың австралиялық долларға дейін айыппұл төлеуге мәжбүр болады. Бұл 3 мың еуродан астам қаржы. Полицейлермен қатар, мегаполисте 800 әскери қызметкер ережелердің сақталуын бақылайтын болады.
Қытай 18 жасқа дейінгі балаларды белсенді вакцинациялап жатыр. Коронавирустық вакцинаның 60 миллионнан астам дозасы 12 жастан 17 жасқа дейінгі Қытай жасөспірімдеріне үлестірілді. Бұл туралы ҚХР ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы хабарлады. Вакцинация Sinovac және Sinopharm препараттарымен жасалды. Sinopharm фармацевтикалық концерні өзінің вакцинасын үш жастан асқан балаларға сынаудың бірінші кезеңін өткізіп үлгерді және сәбилерге арналған препарат қауіпсіз деп мәлімдеді.
Израиль премьер-министрі Нафтали Беннет 50 жастан асқан тұрғындарды тезірек үдеткіш вакцина жасап, Pfizer-дің үшінші дозасымен вакцинациялауға шақырды. Вакцинация қарқынын тоқтатпау үшін Беннет вакцинация орталықтары шабат діни рәсіміне қарамастан, тәулік бойы, аптасына жеті күн жұмыс істейтінін айтты. Сенбіде діни дәстүрлер бойынша еврейлерге жұмыстан бас тартуға нұсқау беріледі.