Жоғары оқу орындарына құжаттарды 25 тамызға дейін тапсыру қажет

Жарияланды 17 Тамыз 2021 02:25

Гульвира Бигалиева

Гульвира Бигалиева

Редактор

Мемлекеттік білім гранты иегерлері жоғары оқу орындарына қабылдану үшін құжаттарын 25 тамызға дейін тапсыруы тиіс. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми Telegram-каналы хабарлады.

Ол үшін е.Gov.kz «электрондық үкімет» порталы арқылы өтінім беру қажет. Қызмет түрі 2021 жылдың 17 тамызынан бастап қолжетімді болады.

Жоғары оқу орындарына ақылы негізде қабылдану үшін жоо-лардың виртуалдық қабылдау комиссияларына жүгіну қажет. Тізім ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында орналастырылған.
 

Сондай-ақ оқыңыз