Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі індетке байланысты эпидемиологиялық жағдайға қатысты жаңа болжам жасады. Бұл туралы Қазақстандағы коронавирус жағдайы туралы ресми Telegram каналы хабарлады.
24 тамыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда 748 851 КВИ+, 67 870 КВИ- жағдайы тіркелген. Түркістан облысын қоспағанда барлық өңір «қызыл» аймақта.
Сонымен қатар соңғы екі апта бойы республикада коронавирус инфекциясын жұқтыру деректері біртіндеп төмендеп келеді. Он төрт күннен бері індеттің 10%-ға төмендеді.
Күз мезгілінде КВИ жұқтыру болжамы бойынша:
Пессимистік сценарий бойынша қыркүйек айында тіркелген жағдайлардың орташа тәуліктік саны 6300-ге дейін, қазан айында 2400-ге дейін болады.
Шынайы сценарий бойынша қыркүйек айында 5300 жағдайға дейін, қазан айында 1800 жағдайға дейін.
Оптимистік сценарий бойынша қыркүйекте 4200 жағдайға дейін, қазанда тәулігіне 1300 жағдайға дейін.