Ресурстар

Елімізде каратин режимі жеңілдетіледі

Ashyq жобасына қатысатын бизнес нысандарға бірқатар жеңілдіктер беріледі

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Ағымдағы жылдың 28 тамызынан бастап рұқсат беріледі:

  «ASHYQ» жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің демалыс күндері сағат 24:00-ге дейін, «ASHYQ» жобасының көшбасшылары – «ASHYQ» қосымшасы арқылы расталған қызметкерлер мен келушілердің «жасыл мәртебесі» (вакцинацияланғандар, 7 күннен кем емес теріс нәтижесі бар ПТР тестінің болуы) болған жағдайда сағат 02:00-ге дейін;
 
 сенбі күні-қоғамдық көлік қызметіне.
 
Ағымдағы жылдың 30 тамызынан бастап жұмыс күндері:
 
  «ASHYQ» жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің жұмыс уақыты 22:00-ден 24:00-ге дейін, «ASHYQ» жобасы көшбасшыларының жұмыс уақыты 24:00-ден 02:00-ге дейін ұзартылды.
 
Бұл ретте эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Алматы қаласында карантиндік шаралардың жеңілдетілуін а. ж. 4 қыркүйегінен бастап демалыс күндері, ал жұмыс күндері а. ж. 6 қыркүйегінен бастап енгізу жоспарлануда.
 
Жаңа оқу жылына дайындық мәселесі қаралды.

Премьер-Министрдің орынбасары ағымдағы жылдың тамыз айының соңына дейін орындау үшін келесі тапсырмалар берді:
 
 медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, педагогтер мен техникалық персоналды вакцинациялауды аяқтау;
 
 санитариялық талаптарға сәйкес мектептердің толық дайындығын қамтамасыз ету;
 
 педагогтер, қызметкерлер және ата-аналар үшін барлық білім беру ұйымдарында «ASHYQ» жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету;
 
 білім беру ұйымдарын оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен 100% қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау;
 
 мектептерде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын аяқтау