Ресурстар

Елімізде жасы 90-нан асқан 1417 қария вакцина алған

Олардың басым бөлігі Шығыс Қазақстан облысынан

Зейнет жасындағы ел тұрғындары қоғам денсаулығын сақтауға белсенді үлес қосып отыр. Бұл туралы ҚР Үкімет жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы  туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.

70-79 жас аралығындағы  135 938 қария І компонентпен қамтылса, олардың 106 932-сі толық вакцинация курсынан өтті. 80-89 жас аралығындағы 32 866 зейнеткер екпе салдырған.  

Ал 90 жастан асқан 1417 қария коронавирусқа қарсы вакцинаның І компонентін алған. Олардың  басым бөлігі  Шығыс Қазақстан (264), Түркістан (250)  облыстары мен Алматы қаласының (210)  тұрғындары.