Вакцинацияға қарсы қазақстандықтар бөлісіп жүрген ғылыми мақалада егілген адамдар COVID-19 жұқтырған жағдайда өліп кетуі мүмкін, өйткені вакцина инфекцияның антиденеге тәуелді күшеюіне әкеледі делінген. Бұл жалған. Бұл туралы stopfake.kz сайты хабарлады.
Инфекцияның антиденеге тәуелді күшеюі (ADE) – бұл өте сирек кездесетін құбылыс, онда вирус антиденелермен байланысады, бұл оның ағза жасушаларына еніп, көбеюіне септігін тигізеді.
Инфекцияның антиденеге тәуелді күшеюінен көз жұму жағдайлары бұрын Зика вирусымен ауыру салдарынан денге безгегі кезінде тіркелген. Осындай жағдайлардың бірі биыл орын алды.
Вакцинацияланған, COVID-19 жұқтырғандардың арасында мұндай құбылыстар тіркелмеген. Дегенмен, ғалымдар COVID-19 ауырғанда және осы ауруға қарсы вакцинация кезінде инфекцияның антиденеге тәуелді күшеюі қаупін өте мұқият бақылайды. Бірнеше ауқымды ғылыми зерттеулер осы мәселе арналған, олардың соңғыларында дельта сияқты қоздырғыштың мутацияланған нұсқалары қарастырылған. Қазнет пайдаланушылары жазған зерттеу sciencedirect.com порталында баршаға қолжетімді. Оның авторлары зертханалық жағдайда да, тірі ағза ішінде де SARS-CoV-2 вирусымен әртүрлі антиденелердің өзара әрекеттесуін зерттеу арқылы ауқымды жұмыс жүргізді. Зертханалық жануар ретінде тышқандар мен приматтар қолданылды. Сонымен қатар, зерттеу авторлары антиденелердің патогенмен әрекеттесуін аламанда зерттеген әріптестерінің жұмысына да сүйенеді.
Көптеген жүргізілген тәжірибелерден кейін ғалымдар вакциналардың COVID-19 жұқтырған адамдарда инфекцияның антиденеге тәуелді күшеюіне әкелуі мүмкін екендігіне дәлелдер таба алмады.
«Маймылдарда иммунопатологияның жоғарылауы сирек байқалса да, бұл құбылыс адам инфекция жұқтырғанда немесе вакцина салдырған жағдайда орын алады деп болжау қиын», – делінген зерттеу мәтінінде.
Одан әрі қарай ғалымдар COVID-19 жұқтырған жағдайы ауыр науқастарды аурудан сауыққандардың және вакцинацияланғандардың қан плазмасымен емдеу: вакцинациядан кейін КВИ жұқтырған жағдайда инфекцияның антиденеге тәуелді күшеюі екіталай екенін көрсетті. Сондай-ақ, авторлар вакциналардың қауіпсіздігі клиникалық зерттеулермен расталғанын, олардың барысында ADE жағдайлары тіркелмегенін мәлім етті.
Вирустың дельта нұсқасын жұқтырған кезде инфекцияның антиденеге тәуелді күшею ықтималдығына арналған тағы бір зерттеуде осы тақырып бойынша біржақты қорытынды жасау мүмкін еместігі айтылған. Ғалымдар әлеуетті мәселені зерттеуді жалғастыруды ұсынады және екінші буындағы вакциналар бұл мәселені біржола шеше алатындығын алға тартып отыр.
Қазіргі кезде COVID-19-ға қарсы екінші буындағы вакциналар әзірленіп жатыр. Ғалымдардың айтуынша, олар SARS-CoV-2 вирусының әртүрлі нұсқаларымен тиімді күресуге және олардың таралуын болдырмауға арналған.
Демек, ADE даму қаупіне арналған ғылыми зерттеулерде COVID-19 қарсы вакцинация індет жұқтырған жағдайда аурудың ағымын асқындыратынын дәлелдейтін нақты тұжырымдар жоқ. Сондай-ақ, оларда вакцинацияланған адамдар КВИ жұқтырған жағдайда қайтыс болады деген деректер жоқ. Таратылған хабарлама манипуляция, ғылыми фактілерді бұрмалау және автордың жорамалы болып табылады.