Лондонда дүкендегі азық -түліктерге ине шаншыған ер адам ұсталды

Жарияланды
Соңғы жылдары тамақ өнімдерінде инелер анықталатын жағдайлар басқа елдерде тіркелді

«Полиция Хаммерсмит пен Фулхэм аймағында супермаркеттердегі азық -түліктерге ине шаншыған деген күдікпен ер адамды ұстады», – делінген хабарламада. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Супермаркеттер жабылып, ер адамды полиция ұстады.

 «Зақымданған өнімдердің ішінде – өңделген ет пен микротолқынды пеште пісіруге арналған тағамдар да бар деп болжануда. Қазіргі уақытта қанша зат ластанғаны белгісіз. Бұл оқиғаның осы аймақтағы басқа кәсіпкерлік субъектілеріне әсер еткенін анықтау үшін тергеу жүргізілуде», – делінген полиция хабарламада. 

Полиция  жергілікті үкіметтің қоршаған ортаны қорғау тобы зардап шеккен супермаркеттер филиалдарымен жұмыс жасайтынын және сатып алушыларға сәрсенбіге қараған түні сол супермаркеттерден сатып алынған кез келген азық -түлікті жою үшін сақтық шарасы ретінде кеңес берілетінін айтты.

Соңғы жылдары тамақ өнімдерінде инелер анықталатын жағдайлар басқа елдерде тіркелді. Атап айтқанда, өткен жазда Австралияда құлпынай мен авокадодан инелер, ал наннан түйрегіш табылған. Бұған дейін, 2018 жылдың қыркүйегінде, Австралия полициясы кемінде жеті австралиялық өндірушінің құлпынайынан ине шаншу оқиғаларына байланысты федералды тергеу бастады. Кейінірек инелер бананнан, алма мен алмұрттан да табылды.
 

Сондай-ақ оқыңыз