Ресурстар

Елімізде биыл ауыл тұрғындарының 92% сумен қамтамасыз етіледі

2025 жылға қарай тұрғындарды 100% сумен қамту жоспарланып отыр

Қазір елімізде сумен жабдықтау қызметтеріне азаматтардың 94,1%, оның ішінде қалаларда – 97,5%, ауылдарда – 90,1% қол жеткізген.Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы хабарлады.

Биыл жыл қорытындысында тағы 200 мыңға жуық адамды қамту жоспарланған. Бұл дегеніміз – 17,86 млн адам немесе республика халқының 95%. Атап айтқанда қалаларда – 98%, ауылдарда – 91,8%.

2025 жылға қарай тұрғындарды 100% сумен қамту жоспарланып отыр. Ол үшін «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға және жаңғыртуға 586 млрд теңге бөлінеді.