Баланы мектепке әмиянға зиян келтірмей қалай дайындауға болады
Баланы мектепке стресссіз және әмиянға зиян келтірмей қалай дайындауға болатыны туралы тоғыз лайфхак.Бұл туралы Fingramota.kz пайдалы кеңес ұсынады.
Үнемі сатып алудың нақты жоспарымен жүріңіз
Мектеп тауарлары мен киімдерін сатып алмас бұрын, ең қажетті сатып алуыңыз қажет заттардың тізімін жасауыңыз керек. «Барлығын сатып алудан гөрі жоспарланған нәрсені сатып алу» – бұл шопоголиктер үшін таптырмас ереже. Шынында да, гипер және супермаркеттердің сөрелерінде өзіңіз немесе балаңыз сатып алғыңыз келетін көптеген қызықтыратын заттар жеткілікті. Оқушы балаңызға артық шығын не үшін жол бермеу керек екендігін түсіндіріңіз, ол бала кезінен ақша тәртібіне үйренсін.
Мектепке арналған қорға түгендеу жүргізіңіз
Әдетте өткен жылғы 1 қыркүйек қарсаңында сатып алынған көптеген заттар талап етілмей, сөреде шаң басып тұрады. Кейбір керек-жарақтар пайдаланылмаған, тиісінше жаңаларын сатып алу қажет болмайды. Сондай-ақ, мұқият қарағаннан кейін үйде өшіргіштер, сызғыштар, қаламсаптар мен дәптерлердің стратегиялық қоры табылуы мүмкін. Ақылға қонымды тұтыну есіңізде ме? Пайдаланылған заттарға екінші өмір беріңіз, жақсы кеңсе тауарларын тастамаңыз, балаларға дұрыс үнемдеуді үйретіңіз.
Есіңізде болсын, бастысы сан емес, сапа
Алайда, тауардың сапасын жоғалту құнымен үнемдеуді болдырмау керек. Бұл сізге тек танымал брендтердің тауарларын сатып алуға және аты үшін артық төлеуге міндеттісіз дегенді білдірмейді. Шынымен ұзаққа жарайтын заттың пайдасына таңдау жасаған дұрыс. Соған ұқсас арзанын алғанша, артық төлеп сапалысын алған жақсы. Бұл бәріне қатысты: киім болсын, кеңсе тауарлары болсын. Затыңыз бірнеше айдан кейін жарамсыз болып қалса, одан да қымбатқа ұрынасыз ғой. Нәтижесінде сапаны үнемдеу әрекеттері ақшаңыз бен уақытыңызды жоғалтуға әкеп соғады.
«Болашаққа» сатып алудан бас тартыңыз
Мектеп формасының бірнеше жиынтығын және кеңсе тауарларының сансыз санын алдын-ала сатып алу ұсынылмайды. Елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты өткен жылдың тәжірибесін ескере отырып, бұл форманы шынымен қажет болған кезде алған дұрыс. Сондай-ақ, бірінші оқу күнінің қарсаңында жарты жылға жетерлік қаламдар, қаламсаптар мен қаптардың стратегиялық қорын жасамаңыз. Мұның бәрін оқу жылы ішінде қажет болған жағдайда сатып алуға болады және жаппай мектепке дайындық маусымына қарағанда арзанырақ.
Шопингті қыркүйекке ауыстырыңыз
4-5 қыркүйекте-ақ немесе сәл кейінірек абыр-сабыр басылып, мектеп сатылымдары басталады. Содан кейін сіз тек кеңсе тауарларына ғана емес, сонымен қатар формаға, рюкзактар мен мектеп формасына да жеңілдіктерге қуанасыз. Сенсеңіз, мұның бәрі, уақытылы болады. Себебі бірінші ата-аналар жиналысында сіздің тізіміңізге тағы бірнеше тауар қосылады, оларды сатып алу қажет болады.
Қысқы кезеңде сатып алуды ұйымдастырыңызӘрине, қыста біз керек-жарақтарды жаңарту туралы ойламаймыз, бірақ дәл осы уақыт кезеңінде сатып алуды ұсынамыз, өйткені қыста бағалар, әсіресе мектепке арналған тауарлар «мектеп портфелін» жинақтау маусымына қарағанда әлдеқайда арзан. Мектепке арналған классикалық киімді соңғы күні үмітсіздіктен, удай қымбат бағаға сатып алғанша, алдын-ала қолайлы бағамен алып қойған дұрыс.
Интернет-дүкендер арқылы сауда жасаған кезде мұқият болыңыз
Егер сіз тауарларды бір рет болсын онлайн сатып алған болсаңыз, онда көптеген заттарды айтарлықтай жеңілдікпен сатып алуға болатынын білесіз. Бастысы, барлық бағаларды салыстырып, жеткізу мерзімдерімен танысуды ұмытпаңыз. Егер сіз ғаламат сатылымдар болып жатқан онлайн-дүкен тапсаңыздар, мұқият болыңыздар, бұл фишингтік парақша болуы мүмкін және алаяқтар сіздердің жеке және карталық деректеріңізді алып алу үшін әдейі осындай айла қолдануы мүмкін. Қаскүнемдердің онлайн-тұзақтарына түспеу үшін нақты ақпаратты www.fingramota.kz сайтында «Абайлаңыз, алаяқтар» бөлімінен оқыңыз.
Жаппай сатып алуға қатысыңыз
Жаппай немесе бірлесіп сатып алу біршама уақыт бұрын таныла бастады. Ата-аналар (өзара таныс болуы міндетті емес) тауарларды көтерме бағада сатып алу үшін топтарға қосылып, мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде чаттар құрады. Оларды табу қиын емес. Іздеу жолында «Бірлесіп сатып алу» тіркесін теріп, өз қалаңыздың атын қоссаңыз жеткілікті.
Бастысы-денсаулықты сақтау!
Егер қандай да бір себептермен сіз жоспарланған заттарды және тауарларды сатып алмасаңыз, көңіліңізді түсірмеңіз. Бала үшін ананың немесе әкенің психоэмоционалды жағдайы әлдеқайда маңызды. Мұғалімдер де әрдайым жәрдемдесуге дайын. Өз денсаулығыңызды сақтаңыз және балаларыңыздың денсаулығын нығайтыңыз!