Дамушы нарық валюталарының көпшілігі апта ішінде нығайды

Жарияланды
АҚШ доллары бір апта ішінде 0,3% -ға нығайды

Сауда-саттық қорытындысы бойынша, 27 тамызда теңгенің нарықтық бағамы апта ішінде 0,3%-ға (426,93-тен) нығайып, бір АҚШ доллары үшін 425,74 теңге деңгейінде қалыптасты. Дамушы нарықтардағы валюталардың көпшілігі апта ішінде нығайды. Бұл туралы ҚР Ұлттық Банк баспасөз қызметі хабарлады.

Дамушы елдер валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының[1] серпіні төмендегідей қалыптасты:

Оңтүстік Африка ранды бейрезиденттердің Оңтүстік Африка облигацияларына келуі және ФРЖ Төрағасының жұмсақ пікірлері аясында 3,8%-ға (15,3-тен 14,72-ге дейін) нығайды;

Бразилия реалы төменгі палата спикері Артур Лирдің елдің қаржылық қағидаларын ұстанатынын растай отырып, сөйлеген сөзі аясында 3,3%-ға (5,38-ден 5,2-ге дейін) нығайды;

түрік лирасы шетелдік портфельдік инвестициялардың жергілікті нарыққа қайтарылуы туралы белгілер аясында 1,8%-ға (8,5-тен 8,35-ке дейін) нығайды. Елдің акциялары мен облигациялары нарығына бейрезиденттердің келуі тамызда $321 млн болды (20 тамыздағы жағдай бойынша);

үнді рупиясы АҚШ ФРЖ Төрағасының сөз сөйлеуі және инвесторлардың тәуекел дәрежесінің жақсаруы аясында 0,9%-ға (74,39-дан 73,69-ға дейін) нығайды;

Мексика песосы ФРЖ Төрағасы Джером Пауэллдің сөзінен кейін доллардың жаһандық әлсіреуі аясында 0,8%-ға (20,37-ден 20,2-ге дейін) нығайды;

Ресей рублі мұнай бағасының өсуі мен тоқсан сайынғы салық төлемдері үшін экспорттаушылардың ауысуы аясында 0,6%-ға (73,93-тен 73,45-ке дейін) нығайды;

Индонезия рупиясы мемлекеттік қарызды монеталандыруға байланысты өршіп келе жатқан қауіпке қарамастан (Қаржы министрлігінің МБҚ-ны сатып алу жоспары 2022 жылға дейін ұзаруы мүмкін), АҚШ ФРЖ басшысының сөзінен кейін 0,2%-ға (14 453-тен 14 418-ге дейін) нығайды.
 

Сондай-ақ оқыңыз