Доллар 469 теңгеге дейін арзандады

Жарияланды 21 Шілде 2026 14:38

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
Доллар бағамы / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

21 шілде, Алматы уақытымен сағат 14:30-дағы жағдай бойынша KASE-дегі доллар бағамы 469 теңгені құрады. Бір күнде америкалық валюта шамамен 1,30 теңгеге немесе 0,28%-ға төмендеді.

Сауда барысында доллар 468,86–471,35 теңге аралығында қозғалды. Нарықтағы ұсыныс бағасы — 469 теңге, ал жасалған мәмілелер көлемі 205 млн доллардан асты.

Түстен кейін теңге нығаюын жалғастырып, доллар бағамы күндік ең төменгі деңгейге жақындады.

Kurs.kz дерегі бойынша, 21 шілде сағат 14:32-де Алматыдағы айырбастау орындары долларды орта есеппен 470,50 теңгеден сатып алып, 473,10 теңгеден сатып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз