2021 жылғы 6 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасында 12 өңір «қызыл» аймақта тұр. Бұл туралы ҚР Үкімет жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан,Қарағанды, Қостанай,Маңғыстау, Павлодар облыстары
«Сары» аймақта : Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстары
«Жасыл» аймақта: Түркістан облысы.