Нұр-Сұлтанда бір күнде 8 мекеме карантин талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Елорданың мониторингтік топтары тәулік сайын жүзден астам кәсіпкерлік нысанын тексереді. Бір ғана рейдтің өзінде карантин режимін бұзған ондаған мекеме анықталды. Өткен тәулікте, яғни 4 қыркүйек күні қалада 8 мекеме шектеу шараларын сақтаған жоқ, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Сарыарқа ауданында «EL classico» ойын клубы мен «Nirvana» түнгі клубы карантин талаптарын сақтаған жоқ.
Алматы ауданының тәртіп бұзушылар тізіміне «Достар» ойын клубы, «Малена» және «Панаехали» барлары енді.
Сондай-ақ, Есіл ауданында орналасқан «Tequila» және «Ray Bar» барларында белгіленген жұмыс режимі ескерілмеді.
Байқоңыр ауданындағы «Панаехали» барында да карантин бұзылды.
Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға тапсырылды.
Айта кету керек, COVID-19 індетінің төмендегеніне қарамастан елорда эпидемиологиялық жағдайды бағалау бойынша «қызыл» аймақтан шыққан жоқ. Сондықтан қала тұрғындары мен қонақтары санитарлық нормаларды қатаң сақтауы керек: маска режимі, әлеуметтік қашықтық, қол гигиенасы. Азаматтар өздерінің де, өзгелердің де денсаулығын сақтау үшін коронавирусқа қарсы вакцинациядан өтуі керек, өйткені иммундау қауіпті вируспен күресудің жалғыз тиімді әдісі болып саналады.