Қырғызстандағы парламенттік сайлауға жарты миллиард сомнан астам қаржы жұмсалмақ

Жарияланды
Сайлау 28 қарашаға белгіленген

Қырғызстанның Орталық сайлау коммисиясының төрағасы Нұржан Шылдабекова журналистерге Жогорку Кенеш депутаттарының сайлауына қанша қаражат жұмсалатының айтты. Бұл туралы 24.kg сайты хабарлады.

Оның айтуынша, алдын ала есептеулер бойынша науқанға 602 миллион сом жұмсалады. Нұржан Шылдабекова бұл алдын ала шығындар екенін баса айтты. Кейбір шаралар ескерілмеген, және оларды жүзеге асыру үшін басқа көздерден қаражат табу қажет болады. ОСК соңғы бағаны осы күндердің бірінде бекітеді.

Сайлау 28 қарашаға белгіленген.

 

Сондай-ақ оқыңыз