Париж мэрі Франциядағы президент сайлауына қатысуға шешім қабылдады

Жарияланды
Францияда президенттік сайлау 2022 жылдың 10 сәуіріне белгіленген

Париж мэрі Анна Идальго жексенбіде 2022 жылғы сайлауда Франция президенті болу үшін бәсекелестікке түсуге ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды interfax.ru сайты.

Идальго 2014 жылдан бері Франция астанасының мэрі, мұндай лауазымды иеленген алғашқы әйел.

Анна Идальго – Франция Социалистік партиясының мүшесі, 1997 жылдан бері саясатта. Ол қазір 62 жаста.

Францияда президенттік сайлау 2022 жылдың 10 сәуіріне белгіленген. Егер екінші тур қажет болса, ол 24 сәуірде өтеді.

 

Сондай-ақ оқыңыз