Жаңалықтар

Елімізде 12 млн тонна астық бастырылды – ҚР АШМ

Жалпы жинау алаңының 83,3% жиналды

2021 жылғы 15 қыркүйектегі жағдай бойынша республика бойынша 13,2 млн га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар немесе олардың жалпы жинау алаңының 83,3% жиналды. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады.

Ағымдағы орташа өнімділік гекатарына 9,1 ц құрап, 12 млн тонна астық бастырылды.

Негізгі егін егетін үш өңірде Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстанда 10 млн га немесе жинау алаңының 86% жиналды. Өнімділік гекатарына 8,3 ц құрап, 8,2 млн тонна астық бастырылды.

Сақтау сыйымдылығы өткен жылдан қалған астық пен биылғы болжанып отырған астық көлемін сақтауға жеткілікті.