Елімізде 3 миллионға жуық азамат санақтан онлайн режимде өтті

Жарияланды
Қазіргі уақытта Алматы облысы алда

15 қыркүйек сағат 14:00-дегі жағдай бойынша 3024216 респондент онлайн санақтан өтті. Олардың 2607643-і sanaq.gov.kz сайтында, 297546 адам Egov порталында тіркелу арқылы жауап берсе, 119027 адам санаққа Аitu қосымшасы арқылы қатысты. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі уақытта Алматы облысы алда. Мұнда 313919 тұрғын санақтан өткені жайлы хабарлама алған. Онлайн санақтан өткен тағы 278432 адам Алматы қаласында тіркелген. Үздік үштікті Түркістан облысы түйіндеді. Мұнда 247175 адам санақ сауалдарына жауап берді. 

Бұл көрсеткіш бойынша әзірге соңғы екі орынды Атырау және Маңғыстау облыстары еншілеп тұр. Бұл өңірлерде сәйкесінше 79881 және 71886 адам санақтан өтіпті. 

Ал, жергілікті халық санына шаққандағы санақтан өткендердің үлесі бойынша Қызылорда облысы алда тұр. Мұнда азаматтардың 28,6% сауалдарға жауап берген (1 тамыздағы жағдай бойынша өңірде 823052 адам тіркелген). Бұл көрсеткіш бойынша Батыс Қазақстан облысы екінші орында. Мұнда тұрғындардың 24,7% бүгінге дейін санақтан онлайн режимде өткен (1 тамыздағы жағдай бойынша өңірде 749754 адам тіркелген). 
 

Сондай-ақ оқыңыз