Ресей мен Түркия президенттері Владимир Путин мен Режеп Тайып Ердоғанның кездесуі жеке болады, дегенмен Ресей мемлекетінің басшысы барлық басқа іс-шараларды бейнеконференция арқылы жүргізуді жалғастыруда, деді оның баспасөз хатшысы Дмитрий Песков. Бұл туралы interfax.ru сайты хабарлады.
Журналистерге берген сұхбатында ол Ердоғанның сәрсенбіге жоспарланған сапарына дайындық жалғасып жатқанын растады.
Оның айтуынша, көшбасшылар кейбір халықаралық мәселелерді талқылайды.
«Аймақтық мәселелер. Менің ойымша, ең алдымен, күн тәртібінде Сирия болады, әрине, Ауғанстан, Ливия мен басқа да халықаралық мәселелер бойынша дәстүрлі пікір алмасу», – деді Песков.
Ол сондай-ақ президенттер екіжақты қатынастардағы ортақ істерді, оның ішінде экономика саласындағы бірлескен жобаларды талқылайтынын атап өтті. «Екі жақты қарым-қатынастарда көптеген ортақ түйін бар. Экономика саласындағы ортақ жобалар жайлы жұмыстар, сауда мен экономикалық байланыстар бар»- деді баспасөз хатшысы.
Песков сәрсенбіде Путинмен келіссөздерге Ердоғанмен бірге оның ирандық әріптесі Ибрагим Раиси қатысады деген ақпаратты жоққа шығарды.