Jusan Bank Kcell акцияларын сатып алды

Жарияланды (жаңартылды )
Акциялар Қазақстан қор биржасында сатылған

Jusan Bank енді қазақстандық ұялы байланыс операторы Kcell-дің 24% акциясына иелік етеді. Компанияның бақыланбайтын акциялары Қазақстан қор биржасында (KASE) сатып алынған. 
Jusan Bank басқарма төрағасы Айбек Қайыптың айтуынша, бұл мәміле  – банктің жоғары технологиялық платформаларды дамыту стратегиясының бір бөлігі. 

«Қазақстандағы жетекші Kcell ұялы байланыс операторының акциясын сатып алу қызметі жоғары технологиялық платформаларды дамытуға бағытталған Jusan компаниясы қаржылық тобының стратегияcына сәйкес келеді, – деп атап өтті Jusan Bank басқарма төрағасы Айбек Қайып. – Бұл іскерлік келісім  мобильді және қаржылық технологияларды біріктіру арқылы клиенттермізге бұрынғыдан да қуатты цифрлық өнімдер мен сервисті ұсыну үшін Jusan экожүйесін дамытуда жаңа мүмкіндіктер ашады». 

Банк сонымен қатар барлық акциялар  еркін конкурстық негіздегі KASE ашық сауда-саттығында сатып алынғанын атап өтті. Алайда банк өкілдері бұл мәселе бойынша толық мәлімет беруден бас тартты. «Әзірге қосымша ақпарат жоқ» деді банк өкілі Kursiv басылымына.

Бұған дейін Kcell компаниясының иесі «Қазақтелеком» ұялы байланыс операторының 24% акцияларын KASE инвесторларының кең ауқымына сатуды жоспарлар отырғаны жарияланған еді. 

Kcell қаржылық есебінде 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында компанияның жылдық табысы 20% -ға өсіп, 108,4 млн долларға жеткені жазылған. EBITDA (біржолғы шығыстар кірмейді) 18,5%-ға немесе 45,5 млн долларға дейін өскен. Ал таза табыс шамамен үш есе өсіп, 19,2 миллион долларға жетті. Сонымен қатар, компания қызметтерден түсетін кірісті 17,3%-ға 90 миллион долларға дейін арттыра алған. 

Kcell – Қазақстандағы бірнеше миллион клиентке ұялы байланыс қызметтерін, интернетке қосылу мен  мобильді контент ұсынатын компания. Ол екі брендпен жұмыс істейді: Kcell (оның мақсатты аудиториясы – корпоративтік сектор) және Activ, ол нарыққа бағытталған. Компания баршаның байланыста болуына көмектесетін үлкен инфрақұрылым құрды.
 

Сондай-ақ оқыңыз