Қазақстандағы инфляцияға сыртқы факторлар қысым түсіріп тұр – Сүлейменов

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
Инфляцияға сыртқы факторлар қысым түсіріп тұр /Серикжан Ковланбаев, бильд-редактор: Дастан Шанай

Қазақстанда инфляцияны жеңдік деп айтуға әлі ерте. Өйткені проинфляциялық қысым әлі сақталып тұр.

Үкімет пен Ұлттық банк 2025 жылдың күзінен бері елдегі инфляцияны 3 пайызға азайта алғанымен, оны 5 пайызға дейін төмендету міндеті бар. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Қазақстандағы инфляцияға сыртқы факторлар көбірек қымыс түсіріп тұрғанын айтады.

«Сырты нарықта белгісіздік күшейіп тұр. Мұнай мен бірқатар тауар бағасы құбылып жатыр. Ол макроэкономика мен елдегі бірқатар өнеркәсіп салаларына әсер ете алады. Бұл ретте тұрақты және мықты теңге дезинфляцияға ықпал етеді. Қазақстан көптеген тауарларды импоттайтыны белгілі, құнды теңге шетелден әкелетін тауарлар бағасы арзандатуға көмек береді», – деді ол.

Теңгенің мықты болуы ірі компаниялардың шетелден тауар мен технологияларды арзандау сатып алуына да ықпал етеді. Бұл ретте бас банкир қатаң ақша-несия саясатын ақырын-ақырын жібітіп жатқандарын атап өтті.

24 шілдеде бас банк елдегі инфляция баяулағанын атап өтіп, базалық мөлшерлемені 16,75 пайыз деңгейінде бекітті.

Сондай-ақ оқыңыз