Литва билігі бетперделік режимді қайта енгізуге ниетті

Жарияланды
Елде 1 қазаннан бастап қашықтан жұмыс істеуге көшу ұсынылады

Литва билігі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты міндетті түрде бетперделік режимді қайта енгізуге ниетті. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.

Сонымен қатар 1 қазаннан бастап қашықтан жұмыс істеуге көшу ұсынылады. Елдегі эпидемиологиялық жағдай «дельта» штаммының таралуына байланысты қолайсыз болып отыр.

Американдық United Airlines авиакомпаниясы басшылықтың міндетті түрде covid-19 вирусына қарсы вакцина алу туралы бұйрығын орындаудан бас тартқан 600-ге жуық қызметкердің жұмыстан босатылғанын хабарлады.

Авиатасымалдаушының мәліметінше, қызметкерлерінің 99% – ы вакцинациядан уақытында өткендігі туралы растау берген.
 

Сондай-ақ оқыңыз