5-6 қазан күні және 7-сіне қараған түні Алматы қаласында жауын-шашын жауып, арты қарға ұласып, ауа температурасы 0, +4 градусқа дейін төмендеп, аздап көктайғақ болуы мүмкін. Бұл туралы Амлматы қаласы әкімдігінің Telegram каналы хабарлады.
Осыған байланысты автокөлік иелері жазғы дөңгелектерін қысқыға ауыстырғандары жөн.
«Жұмысқа кешікпеу үшін автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерді таңертең үйден ертерек шығуға қамдануын сұраймыз.
Жолдың жүру бөлігінде қатқан мұздың пайда болу ықтималдығына байланысты жүргізушілерге жылдамдықты асырмай, көлік арасындағы қашық аралығын сақтап, маневрлер мен тежелулерден аулақ болуға, жаяу жүргіншілер жолында сырғақтың пайда болу мүмкіндігіне байланысты тротуарда жүргенде сақ болуға кеңес береміз»-делінген хабарламада.