Эпидахуалды бағалау матрицасы: 5 өңір «қызыл» аймақта тұр
Жарияланды
«Жасыл» аймаққа 6 өңір өтті
2021 жылғы 11 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша елімізде 5 өңір «қызыл» аймақта тұр. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Сары» аймақта : Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.
«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстары.