Қазақстанда алдағы күндері күн жылынады

Жарияланды
Қазгидромет 12-14 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды

Қазгидромет 12-14 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

Кезең ішінде ауқымды антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Тек солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. 12 қазанда таулы аудандарда қатты жауын-шашын болады. 

Сондай-ақ, республика бойынша түнде және таңертең тұман, солтүстікте — көктайғақ, батыста және оңтүстікте шаңды дауыл болжанады. Батыста және солтүстік-батыста күндізгі температураның біртіндеп жоғарылауы 13…20-ға дейін, солтүстікте, шығыста және орталықта 8…15-ке дейін, оңтүстік аймақтарда 13…20-ға дейін жылу.
 

Сондай-ақ оқыңыз