Қостанайда жылу мен ыстық су өшірілмейді

Жарияланды
Қалада бір апта бойы жылу мен ыстық су берілмейтіні айтылған еді

Қостанай қаласының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы қалада газ, ыстық су мен жылудың өшірілуіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. 

Ведомствоның мәліметінше, Қостанай жылу энергетика компаниясы штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

 «Облыстың жылумен қамтитын кәсіпорындары штаттық режимде жұмыс істей береді. Газдың сөндірілуі Қостанай облысындағы жылыту маусымының барысына әсер етпейді» деп мәлім етті басқарма бастығы Дәурен Асқаров.

Бұған дейін, 12-17 қазан аралығында қостанайлықтар ыстық сумен және жылусыз қалады, деп хабарлаған Қостанай жылу -энергетикалық компаниясының сайты.

Жұмыстың тоқтауына магистральдық газ құбырындағы жөндеу жұмыстары себеп болды.

 

Сондай-ақ оқыңыз