БҰҰ Идлибке 101 гуманитарлық жүк көлігін жіберді

Жарияланды
Көмек Идлиб пен оған жақын елді мекендердің тұрғындары арасында таратылады

БҰҰ Сирияның солтүстік- батысындағы Идлиб қаласына гуманитарлық көмек жүктелген 101 жүк көлігін жіберді. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.

Негізгі заттары бар жүк көліктері Түркияның оңтүстігіндегі Хатай провинциясының Рейханли аймағындағы «Джильвегезю»  өткізу бекеті арқылы Идлибке қарай жүрді.

Көмек Идлиб қаласы мен оның айналасындағы мұқтаж жандарға таратылады.

 

Сондай-ақ оқыңыз