ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы 2021 жылғы 18 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын ұсынды.
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Сары» аймақта : Алматы, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.
«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары.