Инвестициялық делдалды алаяқтан қалай ажыратуға болады

Жарияланды
Инвестор қандай қағидаларды сақтауға тиіс?

Алаяқтарды қалай танып-білуге болатыны және өзін «инвестициялық компания» ретінде көрсететін ұйымның лицензиясын қалай тексеруге болатыны туралы Fingramota.kz айтып береді. 

Нағыз делдалды алаяқтан қалай ажыратуға болады?  

Брокердің алаяқ емес, шын брокер екендігіне оңай илануға болады: ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайтында онда бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға лицензиясының болуын тексеру қажет. Брокердің қаржы реттеушісінің интернет-ресурсында көрсетілген барлық деректемелері лицензияда көрсетілген деректемелерге сәйкес келуге тиіс. Сонымен бірге реттеушінің сайтында жосықсыз инвестициялық делдалдардың тізіміне сәйкес салыстырып тексеру керек.

Инвестор қандай қағидаларды сақтауға тиіс?

Инвестор өз қаражатын қор нарығында немесе Forex нарығында инвестициялаған кезде оның нарықтық тәуекелдерден сақтандырылмайтынын және нәтижесінде кіріс алмай, шығынға ұшырауы мүмкін екендігін түсінген жөн.

Инвесторға шетел валютасымен және өзге де қаржы құралдарымен сауда жасау әртүрлі нарықтық, кредиттік, валюталық тәуекелдермен ұштасатынын есте сақтау маңызды, сондықтан кез келген инвестиция нарықты, эмитенттердің қаржылық жай-күйін, бағалы қағаздың өлшемдерін мұқият талдауды және оған қатысты мөлшерленген шешім қабылдауды талап етеді.

Жаңадан келген инвесторға қарыз қаражатына, сондай-ақ қысқа мерзімді келешекте талап етілуі мүмкін қаражатқа инвестициялар жасауға болмайды.
 

Сондай-ақ оқыңыз