Санақтан онлайн өту мүмкіндігі тоқтатылған соң еліміздің барлық өңірлерінен, әсіресе қалалардан онлайн санақ функциясы мерзімін ұзарту туралы көптеген өтініштер түсе бастады. Осыған байланысты sanaq.gov.kz сайтында онлайн сауалнама функциясын қайта қосу туралы шешім қабылданды.Бұл туралы ҚР Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Санақ сауалдарына арнайы sanaq.gov.kz сайты, E-Gov порталы арқылы тіркеліп немесе Aitu мобильді қосымшасы арқылы жауап беруге болады. Онлайн өту мүмкіндігі халық санағы аяқталғанға дейін қолжетімді болмақ.
1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында онлайн-санақ функциясын азаматтардың 40 пайызға жуығы пайдаланған. 1 қазаннан бастап интервьюерлер үй-үйді аралауды бастады. Олар қазірдің өзінде 5938259 адамға сауал салу жүргізді. Онлайн өткен респонденттер келген хабарламаны интервьюерлерге көрсетуі тиіс. Олармен сауалнама қайта жүргізілмейді.