Илон Маск тарихтағы ең бай адам атанды

Жарияланды
Forbes оның таза байлығын 271,3 миллиард долларға бағалады

Tesla және SpaceX басшысы Илон Маск Forbes нұсқасы бойынша тарихтағы ең бай адам атанды. Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлайды.

Олардың айтуынша, бұл электромобиль өндірушісінің акциялары күрт өскеннен кейін орын алған. Forbes Масктың таза байлығын 271,3 миллиард долларға бағалады.

Бұған дейін Forbes нұсқасы бойынша тарихтағы ең бай адам Amazon негізін қалаушы Джефф Безос болды, оның байлығы шілдеде 212 миллиард долларға бағаланған.

Бұған дейін планетаның ең бай тұрғыны 1999 жылдың сәуірінде Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс болды.
 

Сондай-ақ оқыңыз