Ресурстар

«Эйр Астана» Бішкекке ұшу жиілігін арттырады

17 қарашасынан бастап

«Эйр Астана» 2021 жылдың 17 қарашасынан бастап Нұр-Сұлтан-Бішкек рейстерінің қайта жанданғанын хабарлайды. Ұшулар Embraer E190-E2 арқылы сәрсенбі және жексенбі күндері, ал желтоқсаннан бастап дүйсенбі және жұма күндері де орындалады. Әуе компаниясы Алматыдан Бішкекке күнделікті рейстерді орындайды.Бұл туралы Корпоративтік коммуникациялар бөлімі хабарлады.

Embraer E190-E2 ұшағы премиум эконом және эконом класс конфигурацияларында қол жетімді. Премиум эконом-кластың артықшылықтары: бизнес-кластағы қызмет көрсету және тамақтану, Air Astana залына кіру, басымдықты қызмет көрсету және багажды ұлғайту.

Бішкекке ұшатын жолаушылар, оның ішінде Қырғызстан Республикасының азаматтары, транзиттік жолаушылар және 6 жастан асқан балалар келгенге дейін 72 сағат ішінде алынған ПТР сынамасының теріс нәтижесі бар анықтаманы көрсетуі қажет. Бұл талап екпенің толық курсынан өткен жолаушыларға қолданылмайды.

Санитарлық талаптар туралы толық ақпарат авиакомпанияның сайтында орналастырылған.