Өткен тәулікте 1038 адамда індет анықталды
Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 14 қарашадағы эпидемиологиялық жағдай туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 038 жағдай тіркелді.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 957 537 жетті.
Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында – 112,
Алматы қаласында – 143,
Шымкент қаласында – 4,
Ақмола облысында – 79,
Ақтөбе облысында – 15,
Алматы облысында – 52,
Атырау облысында – 16,
Шығыс Қазақстан облысында – 55,
Жамбыл облысында – 9,
Батыс Қазақстан облысында -17,
Қарағанды облысында – 112,
Қостанай облысында – 113,
Қызылорда облысында – 18,
Маңғыстау облысында – 13,
Павлодар облысында – 125,
Солтүстік Қазақстан облысында – 141,
Түркістан облысында – 14.