2022 жылы дәрігерлердің жалақысын көтеруге 361 млрд теңге қаржы бөлінеді
2022 жылы дәрігерлердің жалақысын көтеруге 361 млрд теңге қаржы бөлінеді. Бұл жайында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың Мәжіліс депутаттары сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды https://www.inform.kz/kz/2022-zhyly-darigerlerdin-zhalakysyn-koteruge-361-mlrd-tenge-karzhy-bolinedi_a3867305ҚазАқпарат
«Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған Жолдауын жүзеге асыру аясында 2020-2025 жылдары медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен көтеру жоспарланған», – делінген Үкімет басшысы орынбасарының жауабында. Вице-премьер жауабына анықтама ретінде ұсынылған деректерге сәйкес, 2021 жылдың 1 қаңтарынан денсаулық сақтау саласында 247 мың медицина қызметкерінің жалақысы артты. Атап айтқанда, дәрігерлердің жалақысы 30 пайызға (246,1 мыңнан 319,9 мың теңгеге) орта медицина қызметкерлерінің жалақысы 20 пайызға (144,6 мңнан 173,5 мың теңгеге) ұлғайды. «2023 жылға қарай медицина қызметкерлерінің жалақысын экономикадағы орташа жалақыға қатысты 2,5 есеге дейін арттыру жоспарланған», – деді ол. Анықтамалық деректерге қарағанда, бұл мақсатқа 2021 жылға – 222,3 млрд теңге, 2022 жылға – 361,7 млрд теңге, 2023 жылы 557,4 млрд теңге көзделген.