БҰҰ Эфиопияға 79 гуманитарлық жүк көлігін жіберді

Жарияланды
Елде 9,4 миллион адам азық-түлік көмегіне мұқтаж

Эфиопияның Тыграй аймағына азық-түлік пен гуманитарлық көмек тиелген 79 жүк көлігі жөнелтілді. Бұл туралы жексенбі күні БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының Эфиопиядағы кеңсесінде мәлімдеді,- деп хабарлады Анадолу агенттігі.

Кеңсе Twitter-де бұл жұмыс Эфиопия армиясы мен Тыграйды азат ету халықтық майданы ) арасындағы қақтығыстардан зардап шеккен және гуманитарлық көмекке мұқтаж миллиондаған аймақ тұрғындарын қолдауға бағытталғанын айтты.

Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының мәліметі бойынша, Эфиопияда 9,4 миллион адам азық-түлік көмегіне мұқтаж.

Эфиопия үкіметі 2 қарашада елде төтенше жағдай жариялады.

Сондай-ақ оқыңыз