Көмектесуге уәде берген нотариус тұрғындарды пәтерсіз қалдыруда

Жарияланды
Ол алаяқтық жолмен пәтерді өз атына рәсімдеген

Көмектесуге уәде берген нотариус Алтай ауданы тұрғынын пәтерсіз қалдырды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

Алтай ауданы ПБ-ге 24 жастағы жергілікті тұрғын көмек сұрап жүгінді. Өз арызында ол алдау жолымен Жаңа Бұқтырма кентіндегі пәтерін иемденген 51 жастағы нотариусты жауапқа тартуды сұраған. Осылайша 4,4 миллион теңге сомасына елеулі залал келтірді.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдікті анықталды. Белгілі болғандай, жәбірленуші нотариусқа жүгініп, өзіне тиесілі пәтердің құжаттарын тексеруді сұраған. Әңгіме барысында ол ақшадан қысылып жүргенін айтқан, кепіл шартын рәсімдеп, оған нотариус қаражатты мен берейін деп, ай сайын несие бойынша пайыздарды төлеп тұрасыз, қарызды қайтара алмайтын жағдайда пәтерді сатуға ұсыныс жасаған. Біраз уақыттан кейін иесі пәтерінің құжаттарын тексеруге шешім қабылдаған, нәтижесінде оның иелігіндегі пәтері өзгенің атына тіркелгенін білген. 

Нәтижесінде қаскөй сатып алу-сату шартын рәсімдегені анықталды. Оған қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат бұлтартпау шарасы қабылданды.

«Аталған факті бойынша ҚР Қ-нің 190-бабының 2-бөлігі 1,3-тармақтары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясында төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

 

Сондай-ақ оқыңыз