Молдовада денсаулық сақтау саласындағы ТЖ режимі ұзартылды

Жарияланды
15 қаңтарға дейін

Молдовада коронавирусқа байланысты денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай 15 қаңтарға дейін ұзартылды. Мұндай шешімді Қоғамдық денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық төтенше комиссия қабылдады, деп хабарлайды Анадолу сайты жергілікті NewsMaker басылымға сілтем жасап.

Комиссия елдегі эпидемиологиялық жағдай өте алаңдатарлық күйінде қалып отырғанын атап өтті. Сонымен, Молдовада 15-21 қараша аралығында 5 391 адамда COVID-19 коронавирусы расталды. 

Оның 80 пайызы екпе алмаған азаматтар. Сонымен қатар, өткен аптамен салыстырғанда жаңа жұқтырғандар саны 21 пайызға азайған.
 

Сондай-ақ оқыңыз