200-ге жуық ел жасанды интеллект туралы келісімге қол қойды

Жарияланды
Аштық пен климаттың өзгеруі сияқты мәселелермен күресуде жасанды интеллектті пайдаланады

ЮНЕСКО-ға мүше 193 елдің барлығы жасанды интеллекттің қауіпсіз дамуы мен қолданылуын қамтамасыз ету үшін қажетті ортақ құндылықтар мен принциптерді анықтайтын тарихи құжатты мақұлдады. Бұл туралы 24.kg сайты БҰҰ жаңалықтарына сілтеме жасап  хабарлады.

Жасанды интеллектке негізделген технологиялар күнделікті өмірде кеңінен қолданылып жүргені атап өтілді. Жасанды интеллект онкологиялық ауруларды диагностикалау және мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін инклюзивті орта құру сияқты мамандандырылған салаларда кеңінен қолданылады.

ЮНЕСКО-ның мәліметінше, үкіметтер шешім қабылдауда, сондай-ақ аштық пен климаттың өзгеруі сияқты мәселелермен күресуде жасанды интеллектті пайдаланады. Сонымен бірге ұйым бұл технологияның «бұрын-соңды болмаған проблемаларды» тудыруы мүмкін екенін ескертеді.

ЮНЕСКО-ға мүше мемлекеттер қабылдаған құжат жасанды интеллект технологиясының этикалық дамуын қамтамасыз ету үшін құқықтық инфрақұрылымды құруға бағытталған, ол әлемдегі алғашқы жаһандық нормативтік-құқықтық базаны белгілейді және оны жүзеге асыруға елдердің жауапкершілігін жүктейді.
 

Сондай-ақ оқыңыз