XXI ғасырда қажылыққа баратын адам. Меккеге барар алдында нені білу керек?

Жарияланды

PP-NIM-CCR-0089 

2019 жылы қажылыққа 2 миллионнан астам адам барды. Бірақ келесі жылы, пандемия жағдайында қажылыққа баратындар саны айтарлықтай шектелді. Бұл орайда, Мекке мен Мәдинадағы қасиетті жерлерге бара жатқан әрбір мұсылман ұстануға тиіс ережелер бұрынғыдан да көбейді. Сіз қажылыққа баруды жоспарлаған жағдайда не істеу керегін және не істеуге болмайтынын айтамыз.

Қажылық – Мекке мен Мәдина қалаларындағы қасиетті орындарға зиярат ету, оны ислам дінін ұстанушы әр адам денсаулығы мен қаржылық мүмкіндігі болған жағдайда өмірінде кемінде бір рет өтеуі керек.
Негізгі қажылық пен умра (кіші қажылық) болады. Қажылық Зул-хижжа айында – Рамазан аяқталған соң екі айдан кейін басталады. Ал умраның қажылықтан айырмашылығы, ол жылдың кез келген басқа уақытында жасалады.

Қажылыққа баратын адам нені білуі керек

Құжаттар. Қажылыққа баратын адамның шетелдік төлқұжатының көшірмесі болуы тиіс және оны қауіпсіз жерде сақтау керек. Бұл ретте қажылыққа баратын адамның төлқұжатын Сауд Арабиясының билігі алып қалады, оның орнына қолхат беріледі, ал елден шыққан кезде қажылық жасаған адамның төлқұжаты өзіне қайтарылады.

shutterstock_1917682796_0.jpg

Қажылыққа баруға дайындалып жатқан адамдарға медициналық талаптар да қойылады. Сауд Арабиясына денсаулығы нашар немесе медицина деңгейі төмен елдерден көп адам барады. Сондықтан ел үкіметі виза алу үшін екпе алынуын талап етеді. Мысалы, виза алу үшін коронавирусқа қарсы вакцинация паспортынан басқа, менингококк инфекциясына қарсы төрт компонентті вакцина егу туралы күші бар халықаралық сертификаттың болуы талап етіледі, және вакцина елден шығуға дейін кемінде 10 күн және ең көбі үш  жыл бұрын салынған болуы тиіс. Сондай-ақ қажылыққа баратын адамдардың бәріне сапарға шығар алдында медициналық тексеруден өту ұсынылады.

Денсаулық жадынамасы. Қажылыққа баратын адамдардың денсаулығына қауіп төндіретін негізгі нәрсе – ыстық пен инфекциялар.

Ыстық климат (Сауд Арабиясында жаз мезгіліндегі температура Цельсий бойынша 50 градустан асуы мүмкін) және шыжыған күн – қажылық жасау үшін төзімділік болуын қажет ететін жағдайлар. Сондықтан күн өтуден және сусызданудан қорғануды алдын ала қарастыру қажет, мысалы, құтыға құйылған су ішуден басқа, өзіңізбен қолшатыр алып жүруге кеңес беріледі.

Жұқпалы ауруларға келетін болсақ, қажылық кезінде адамнан адамға өте оңай жұғатын және ауруханаға түсу жағдайларының көпшілігін құрайтын респираторлық инфекциялар кең таралған. Көбінесе бұл ангина мен бронхит. Қажылыққа баратындардың көпшілігі ротавирустық инфекциялардан зардап шегеді. Тағы бір қауіп – ішек инфекциялары.

Жыл сайын қажылықты өте көп адам бір мезгілде және инфекцияның таралуына қолайлы жағдайда жасайды. Сондықтан қажыларға пневмококк және менингококк инфекцияларына, А гепатиті мен сіреспе ауруына қарсы екпе алуға кеңес беріледі. 

shutterstock_1788946697.jpg

Қажылыққа баратын әр адамды менингококк инфекциясына қарсы вакциналау талабы бар.
Өйткені:

  • Менингококктық менингит – ми мен жұлынның шырышты қабығын зақымдайтын ауыр инфекция. Менингококктық менингит тудыратын Neisseria meningitidis бактериясы аса қауіпті, себебі ол кең ауқымды эпидемия тудыруы мүмкін.
  • Менингококк инфекциясына шалдыққан әр он адамның біреуі өлуі мүмкін. Егер емделмеген болса, 50% жағдай өлімге әкелуі мүмкін. Ауырып шыққан адамдардың 10-20% болашақта ауыр және қайтымсыз мүгедектікке – есту қабілетінің жоғалуына, аяқ-қол ампутациясына, ми қызметінің бұзылуына ұшырауы мүмкін. 
  • Кез келген жастағы адам ауыруы мүмкін. Бактерия тасымалдаушының тыныс алу жолынан немесе жұтқыншағынан бөлінетін тамшылар арқылы адамнан адамға жұғады. Ал қажылық сияқты көпшілік іс-шаралар N. meningitidis бактериясының таралуын жеңілдетеді, бұл инфекция жұқтыру қаупін күрт арттырады. 
  • Менингококк инфекциясына қарсы міндетті вакцинация 2000 жылы қажылық кезінде ауру пайда болғаннан кейін енгізілді.

Бүгінгі таңда Қазақстанда менингококк инфекциясына қарсы A, B, C, W, Y серогруппаларының вакциналары тіркелген және қолдануға рұқсат етілген. 

Егжей-тегжей ақпарат алу үшін қалаңыздағы вакцинация орталықтарына хабарласыңыз.

Кәдесый. Барлық қажылар туған жеріне екі басты сыйлық – қасиетті Зәмзәм бұлағының суы мен құрма алып кетеді. Пандемия орын алған жаңа жағдайда Меккедегі Әл-Харам мешітінің аумағындағы құдықта, 30 метр тереңдікте орналасқан қасиетті бұлақ суы (Зәм-замда ғұсыл алу және су ішу – қажылықтың маңызды элементі) тек бір рет қолданылатын ыдысқа құйылып беріледі. Ал құрманы құрма сататын мамандандырылған дүкендерден сатып алу керек, онда жемістің жүзге тарта сұрыбы мен түрін табуға болады. Ең дәмдісі – суккари мен аджва. 

Қажылыққа баратын адамның не істеуіне болмайды

Қағбаны ұстауға және сүйуге тыйым салынады. Коронавирустың таралу жағдайындағы ең маңызды шектеу негізгі рәсімді орындауға – Қағбаны жеті рет айналуға байланысты, оның барысында діншіл адамдар Қағбаның бір бұрышына орнатылған қасиетті тасты сүюге немесе, ең болмағанда, оған қолының ұшын тигізуге тырысады. Бұл шараларды корольдік билігі санитарлық қауіпсіздікті сақтау мақсатында қолға алып отыр. Ол үшін тасқа ешкім жақындай алмайтындай бөгеуші тосқауыл орнатылған.

Қажылық кезінде селфи жасамаған жөн.  Әсіресе қасиетті орындар фонында. Көптеген рухани жетекшілердің пікірінше, суретке түсіру қажылық жасаудың мағынасынан алшақтатады. Ал 2017 жылдың қарашасында Түркияның Sabah газеті Сауд Арабиясы билігінің мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып, енді қажылыққа баратын адамдардың Әл-Харам мешіті аумағында фото және бейне түсіруге тыйым салынғанын хабарлады.

Қажылық кезінде паранжа немесе никаб киюге болмайды. Меккеде бұл киімге тыйым салынған. Қажылыққа баратын әйелдер басына орамал тартуы керек, бірақ бетін жабуға тыйым салынады. Қолғап киюге де тыйым салынған. Бірақ сонымен бірге, ихрам – тігісі жоқ қарапайым екі ақ матаға оранатын ер адамдардан айырмашылығы, әйелдер шариғат бойынша рұқсат етілген кез келген күнделікті киімін кие алады.

*Материал «Пфайзер» компаниясының қолдауымен дайындалды.

Сондай-ақ оқыңыз