Ресурстар

Аз қамтылған отбасыларға арналған тұрғын үй көмегі: қашан және қалай алуға болады?

Тұрғын үй көмегі бір тоқсанға беріледі

«Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңында тұрғын үйді күтіп-ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтыну ақысын төлеу  үшін аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетуді көзделген. Осы орайда ranking.kz мемлекеттік тұрғын үй көмегі кімге беріледі және оны қалай алуға болатынын талдаған. 

2020 жылы 1,059 млрд тг сомасында 37,4 мың отбасына тұрғын үй көмегі көрсетілді (минус 31,4%). Ай сайынғы тұрғын үй көмегінің орташа мөлшері 2363 тг құрады: 2019 жылмен салыстырғанда 6,2% аз. Тұрғын үй көмегін алушылардың басым бөлігі Қызылорда (4750 отбасы), Жамбыл (4676 отбасы) және Шығыс Қазақстан облысында тіркелген. 

 Тұрғын үй көмегі:  

  • жекешелендірілген тұрғынжайларда тұратын отбасыларға немесе мемлекеттік тұрғын үй қорында тұрғынжайларды жалға алушы болып табылатындарға тұрғын үйді күтіп ұстауға арналған шығыстарды;
  • меншік иелері болып табылатын немесе тұрғын үйді жалға алатын отбасыларға коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;
  • жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

Рисунок4_0.png

 

Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі. Оны көрсету мөлшері  мен тәртібі ЖАО-мен айқындалады. 

Аталмыш көмекті коммуналдық көрсетілетін қызметтерге және тұрғын үйді күтіп-ұстау үшін төлемге осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстары жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шектi жол берiлетiн деңгейiнен асып кеткен азаматтар ала алады. 

Отбасының шекті жол берілетін шығыстарының үлесі өңірлер бөлінісінде бір тоқсан ішіндегі отбасының орташа айлық жиынтық табысынан 5% бастап 20% дейінгі аралықта құбылады. Отбасының табысы тұрғын үй көмегін тағайындауға жүгінген тоқсан алдындағы тоқсан үшін есептеледі. 

ҚР-да тұрғын үй көмегі бір тоқсанға беріледі және талаптарға сәйкес келген жағдайда, оған тоқсан сайын жүгіну керек. Әсіресе тұрғын үй көмегін алу мәселесі қазіргі таңда, яғни, жылыту маусымы кезінде өзекті болады, өйткені, коммуналдық қызметтер үшін түбіртектегі сома жылумен қамтамасыз етуді төлеу есебінен ұлғая түседі.

Рисунок3_0.png

Төменде астанада бір бөлмелі пәтерде тұратын жалғыз зейнеткер үшін тұрғын үй көмегінің үлгі ретінде мысалы келтірілген. 
Нақтылай кетейік: тұрғын үй көмегін тағайындаған кезде, Нұр-Сұлтанда тұрғын үй ауданының нормасы бір адамға 18 шаршы м құрайды, ал жалғыз тұратын аз қамтылған азаматттар үшін тұрғын үй ауданының нормасы бір адамға 30 шаршы м құрайды, бірақ бір бөлмелі пәтерден кем емес.   

Астанада электр энергиясын тұтыну нормативтері 1-3 адамнан құралған бір отбасына 150 кВт және 4 және одан да көп адамнан құралған отбасына 200 кВт құрайды. 

Астанада коммуналдық қызметтерге төлем жасау үшін отбасы табысының шекті жол берілетін деңгейі – табыстан 5% артық емес. Осының ескерілуімен, мысалда нақты жағдайда тұрғын үй көмегі қалай есептелетіні көрнекі түрде көрсетілген.   

Рисунок2_1.png

Естеріңізге сала кетейік, көмек алу үшін өтінішті ХҚКО-ға немесе онлайн «Тұрғын үй көмегін тағайындау» қызметін алу түрінде өтініш беруге болады. 

Мемлекеттік корпорацияға және/немесе «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы нысан бойынша мынадай құжаттарды ұсына отырып өтініш береді:  

• өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа);
• аз қамтылған отбасының табысын растайтын құжат (тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының жиынтық табысын есептеу тәртiбiн тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган айқындайды);  
• зейнетақы аударымдары туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
• жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама;
• балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;
• банктік шоты;
• кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің күрделі жөндеуі;
• коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
• телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
• жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.

Тұрғын үй көмегінің төлемі оны алушылармен екінші деңгейлі банкілерде ашылған шоттарға жүргізіледі. 

Рисунок1_3.png

Тұрғын үй көмегін онлайн алу үшін мыналар қажет: 

• қызмет алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінім;

• отбасының табысын растайтын электрондық құжаттың көшірмесі;

• жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтаманың электрондық көшірмесі;

• балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі;

• банктік шоттың электрондық көшірмесі;

• тұрғын үйді (тұрғын үй ғимаратын) ұстауға жұмсалатын ай сайынғы жарналар көлемі туралы есепшоттың электрондық нұсқасы;

• коммуналдық қызметтерді тұтынуға шоттың электрондық көшірмесі;

• телекоммуникация қызметіне берілген түбіртектер-есепшоттың электрондық көшірмесі немесе байланыс қызметін көрсетуге арналған шарт көшірмесі;

• жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорында жалға алған тұрғын үйді пайдалану үшін жалға алу төлемінің көлемі туралы жергілікті атқарушы орган ұсынған есепшоттың электронды көшірмесі.