Ресурстар

Ақылы жолдарда қай аудан тұрғындары жеңілдікпен жүре алады?

Ақылы жолдарда қай аудан тұрғындары жеңілдікпен жүре алады? Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы хабарлады. 

Келесі аудандарда тіркелген жеңіл автокөлік құралдарының иелері мұндай мүмкіндікті пайдалануға құқылы: 

1. «Қапшағай – Талдықорған» жолында – Қапшағай, Кербұлақ, Көксу, Ескелді аудандары, сондай-ақ, Талдықорған қаласы;
2. «Тараз – Қайнар» жолында – Қордай, Шу, Меркі, Тұрар Рысқұлов, Байзақ аудандары;
3. «Шымкент – Тараз» жолында – Сайрам, Түлкібас, Жуалы, Жамбыл аудандары;
4. «Шымкент – Қызылорда» жолында – Кентау, Сауран, Ордабасы, Байдібек, Сайрам, Жаңақорған, Шиелі аудандары;
5  «Шымкент – Ташкент» жолында – Төле би, Қазығұрт, Сарыағаш аудандары;
6. «Щучинск – Көкшетау» жолында – Бурабай, Зеренді аудандары, Щучинск қаласы;
7. «Нұр-Сұлтан – Павлодар» жолында – Целиноград, Ерейментау аудандары, Екібастұз және Ақсу қалалары.