ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс істейтін жас қала тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін шешу туралы айтты.
Бүгінде жеке тұрғын үй сатып алуға жеткілікті қаржысы жоқ 29 жасқа дейінгі жастарда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қолжетімді бағамен жалға берілетін пәтерлерді алу мүмкіндігі бар. Ол бойынша ең төменгі жалдау ақысы 10 мың теңгеден басталатын 5 жыл мерзімге сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй беру көзделген.
2021 жылғы 15-20 қараша аралығында осы бағдарлама аясында almaty-jastary.info сайтында өтінімдерді онлайн қабылдау жүргізілді.
Наурызбай ауданының «Алма сити-5» ТК және Алатау ауданының «Мәдениет» ТК-де 1050 пәтер. Байқау қорытындысы аталған сайтта 2021 жылдың 16 желтоқсанында жарияланады.
Жыл басынан бері 910 отбасы баспаналы болды.
Сонымен қатар, өткен жылдан бастап «Алматы жастары» қалалық бағдарламасы бойынша жылына мыңдаған жеңілдетілген несиелер беріліп келеді.
Жалпы, өсіп келе жатқан халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жыл соңына дейін 2,6 млн шаршы метрден астам тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Кезекте тұрғандар үшін бюджет есебінен 3,2 мың пәтер тапсырылады. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша «Шаңырақ» пилоттық жобасы іске қосылды, бұл биыл 800-ден астам алматылықтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Алматының екі мың жас тұрғыны баспанамен қамтылады
Жыл басынан бері 910 отбасы баспаналы болды
Сондай-ақ оқыңыз
-
Оқу уақыты ~ 3 мин.
Бір көртеше 34 млн: Алагөзовтердің киімі қанша тұрады
-
Оқу уақыты ~ 6 мин.
Қытай көліктеріне 2 жылдан кейін не болады
-
Оқу уақыты ~ 3 мин.
Кітап әкеп береді: Алматы кітапханалары мобильді қосымшасы іске қосылды
-
Оқу уақыты ~ 3 мин.
Қамқоршылар кеңесінен Назарбаев кеткеннен кейін «Астана Опера» пайда әкеле бастады
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
Баян Алагөзова Тұрсынғалидың биін қайталағандарға 500 мың теңге бермекші
-
Оқу уақыты ~ 3 мин.
Қажылық-2026: діни басқарма сапар кестесін жария етті
-
Оқу уақыты ~ 4 мин.
Экология, жол, қауіпсіздік: қазақстандықтар келешек ақылды қаланы қалай елестетеді
-
Оқу уақыты ~ 3 мин.
Шығыста бұршақ аралас жаңбыр жауады: 10 сәуірге ауа райы болжамы
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
Реттеушіден ескерту алған BNK банкке иесі 4,7 млрд теңге қосымша қаржы салады
-
Оқу уақыты ~ 10 мин.
Қазақстанда сәуірден бастап не өзгереді
-
Оқу уақыты ~ 2 мин.
Қай өңірде қарттар саны артып, жастар азайып жатыр
-
Оқу уақыты ~ 20 мин.
Алматы, Астана мен Шымкент: ірі қалалар Наурыз мерекесін тойлауға қанша қаржы жұмсады