Ресурстар

ҚР Денсаулық сақтау министрінің жалақысының мөлшері белгілі болды

Алексей Цой отбасына аптасына 70 мың теңгеге дейін ақша жұмсайтынын айтты

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой отбасына аптасына 70 мың теңгеге дейін ақша жұмсайтынын айтты.

Министрдің айтуынша, ол үкіметке стандартты жалақы алады.

 «Бұл стандартты, барлығымыз 900 мың теңгенің шамасында аламыз», – деп түсіндірді Цой.

Журналистердің шығынға қатысты сауалына жауап берген Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы оның отбасында бес адам бар екенін айтты.

 «Біз тамаққа аптасына 50-70 мың теңге жұмсаймыз. Мұның бәрі қандай да бір отбасылық мереке немесе басқа нәрсенің болуына байланысты. Біз қарапайым адамбыз,  қарапайым дүкенге барымыз. Сондықтан бұл қалыпты жағдай », – деп түсіндірді Алексей Цой.