Бірреттік зейнетақы төлемін 2021 жылғы ереже бойынша нешесіне дейін алуға болады, зейнетақы шотындағы артық ақшаны 2021 жыл соңында дейін шешіп алып, оны 2022 жылы пайдалануға бола ма деген сұрақтарға «Отбасы банк» жауап берді.
3 желтоқсан күні 2022 жылдан түрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында зейнетақы жинағының артығын шешіп алу үшін жектілікті шек 64-84 пайызға өсетіні белгілі болды. Дәл осы күні зейнетақы жинағын алғысы келетіндерден «Отбасы банкке» түскен өтініш саны бірден 10 есе өсіп, 2,2 мыңнан 21,5 мыңға жеткен. Krisha.kz сайтының мәліметі бойынша, өткен демалыс күндері тұрғын үйге деген сұраныс 40 пайыз өткен.
Зейнетақы жинағын шешіп алуға байланысты ажиотаж күшейіп келеді. 6 жетоқсан күні enpf-otbasy.kz порталына БЗТ-ны шешіп алуға 38,5 мың өтініш келіп түскен.
Сұрақ: Бірреттік зейнетақы төлемін алуға 2021 жылғы 31 желтоқсанда өтінім беруге бола ма? 2022 жылы БЗТ 2021 жылдың шарты бойынша төлене ме?
Жауап: Заңға сәйкес, «Отбасы банкіне» БЗТ туралы өтініш түскен сәттен ол БЖЗҚ-ға жеткенге дейін 2 жұмыс күні өтуі мүмкін. Сондықтан, БЗТ-ны 2021 жылғы ережеге сәйкес алу үшін өтініш беруші өтінішін 2021 жылдың 29 желтоқсанынан кешіктірмей жіберуі керек. Бірақ күнтізбеде 30 желтоқсан болса да, үмітіңізді үзбеңіз және өтініш беріңіз – «Отбасы Банк» БЖЗҚ-ға өтінішіңізді екі жұмыс күнінен аз уақыт ішінде қайта бағыттай алады.
«Егер бірреттік зейнетақы төлемдерін алуға өтініш БЖЗҚ-ға 2021 жылғы 31 желтоқсанда жіберілсе және бірреттік зейнетақы төлемдері 2022 жылы төленетін болса, оған 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі ереже шарттары таралады» деп түсіндірді «Отбасы банк».
Сұрақ: БЗТ-ны 2021 жылы алып, тұрғын үй сатып алу-сату немесе құрылыс келісім-шартын 2022 жылдың басында жасасуға бола ма?
Жауап: Иә, егер 2021 жылдың соңына дейін арнайы шотыңызға БЗТ түссе, сол сәттен бастап 45 жұмыс күні ішінде сатып алу-сату мәмілесін тіркеп, растайтын құжаттарды enpf-otbasy.kz порталына жүктей аласыз. Бірақ белгіленген мерзімге үлгермесеңіз, арнайы шоттағы ақша БЖЗҚ-ға қайтарылады.
Мысалы, 2021 жылғы 31 желтоқсанда «Отбасы Банкіндегі» арнайы шотыңызға БЗТ түссе, растайтын құжаттарды 2022 жылдың 9 наурызына дейін порталға жүктеп қоюыңыз қажет.
«Сатып алушы (бір реттік зейнетақы төлемдерін алушы) арнайы шотқа БЗТ түскен күннен бастап 45 (қырық бес) жұмыс күні ішінде растайтын құжаттарды ұсына алады» дейді «Отбасы Банк».
Зейнетақы төлемін қалай алуға, оны қайда жұмсап, қалай баспана алуға болатыны жайлы толық нұсқаулықты мына жерден оқи аласыз.