Қазақстандықтар Тәуелсіздік күні қалай демалады

Жарияланды
Қазақстандықтар келесі аптады небәрі үш күн жұмыс істейді

Желтоқсан айында қазақстандықтар үлкен мереке – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлайды. Осыған байланысты еліміздегі жұмыс кестесі де өзгереді.

Тәуелсіздік күні жоспар бойынша желтоқсанның 16-сы мен 17-сі демалыс күндері болып белгіленді. Оларға екі демалыс күні қосылады – сенбі және жексенбі. Бес күндік кестемен жұмыс істейтіндерге төрт күн демалыс беріледі. Алты күндік мерзімдегі қызметкерлер жұмысқа сенбі, 18 желтоқсанда ғана шығады, яғни 16, 17 және 19 желтоқсанда демалуға тура келеді.

Бұған дейін «Курсив» қазақстандықтардың желтоқсанда қалай демалатынын жазған болатын – бес күндік кесте бойынша қыстың соңғы айында 11 күн демалады.

Республиканың Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуге байланысты еліміздегі алғашқы жұмыс аптасы қысқартылды.
 

Сондай-ақ оқыңыз