Павлодар обысында 471 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Жарияланды
Облыста биыл кәмелетке толмағандар арасында қылмыс саны 44,2%-ға төмендеді

Павлодар обысында балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерді орындамағаны үшін 471 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

Павлодар облысында қабылданған шаралардың арқасында 11 айда кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстардың 44,2%-ға төмендегені байқалады. 

 «Балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерді орындамағаны үшін 471 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Балалардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үй-жайлардан тыс жерде болғаны үшін 2 636 ата-ана жауапкершілікке тартылды,» – деп атап өтті  Павлодар облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Бибігүл Қамзина.
 

Сондай-ақ оқыңыз