Елімізде санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды.Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақты екенін баяндады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлады.
Күн сайын тіркелетін коронавируспен ауырғандар саны көбейіп жатқан жоқ. Инфекциялық төсек-орындар 23%, реанимациялық төсектер 20% толы.
Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша көптеген өңірлер (11) және жалпы Қазақстан Республикасы «жасыл аймақта» тұр. Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары «сары аймақта» орналасқан.
Бүгінгі таңда 8,8 млн-нан астам адам вакцинаның бірінші компонентін алды – бұл ересек тұрғындардың 78%-ы, сондай-ақ 8,3 млн-нан астам адам немесе ересек адамдардың 73%-ы екінші компонентін алды.
Үкімет басшысы маска тағу режимін, әлеуметтік қашықтықты одан әрі сақтауды және вакциналау мен ревакцинация қарқынын күшейтуді тапсырды.